Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының интернет-ресурсына қош келдіңіздер. Заманауи интербелсенді мүмкіндіктердің арқасында біздің Сіздермен қарым-қатынас жасай алатынымызға шын жүректен қуаныштымын. Техникалық өрлеу мен ақпараттандырылу заманында өзекті ақпаратты уақытында алу орта мен салалардың жеделдетіп дамуына септігін тигізеді.

Басқарманың интернет-ресурсы біздің облыстағы жер қатынастары саласы жайлы пайдалы ақпарат алуда Сіздердің әрқайсыңызға сенімді көмекші болады деп сенемін.