09.04.2018

Өмірбаяны


Дүзмағамбетов Есемұрат Дәулетиярұлы 1967 жылы 5-наурызда дүниеге келді. 1984 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Мәскеу қаласындағы жерге орналастыру инженерлері институтының жерге орналастырушы факультетіне оқуға түсті. 1991 жылы аталған жоғары оқу орнын бітіріп, «КАЗГИПРОЗЕМ» жобалау институтының Маңғышылақ іздестіру экспедициясына инженер-жерге орналастырушы болып қызметке қабылданды. 1993 жылы жер қатынастары және жерге орналастыру бойынша Маңғыстау облыстық комитетіне бас маман болып ауыстырылды. 1995 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің сауда, сыртқы экономикалық байланыс және ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары лауазымына қабылданды. 1996 – 2002 жылдар арасында облыс әкімі орынбасарының кеңесшісі, облыс әкімі аппарат бөлімінің меңгерушісі, Маңғыстау облысы әкімдігінің Тәртіптік кеңесінің хатшысы лауазымдарын атқарды. 2002 жылы ҚР жер ресурстарын басқару Агенттігі Маңғыстау облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2004 жылы ҚР жер ресурстарын басқару Агенттігі Маңғыстау облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 2008 жылы Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бастығының орынбасары лауазымына ауыстырылды. 2009 – 2012 жылдар арасында ҚР жер ресурстарын басқару Агенттігі «МаңғыстауЖерҒӨО» ЕМК-ның Ақтау филиалының директоры, «МаңғыстауЖерҒӨО» ЕМК-ның директорының орынбасары лауазымдарында қызмет жасады. 2012 жылдың сәуір айынан бастап Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының бастығы лауазымын атқарады. Отбасылы, үш ұл-қыз тәрбиелеп отыр.