09.04.2018

Тарихы


Облыстың жерге орналастыру қызметі Маңғыстау облысы құрылған 1974 жылдардан басталады. 1992 жылға дейін жерге орналастыру қызметі агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылық басқармасының құрамында болып, облыстық әкімшіліктің бір бөлімі болып табылды.

1992 жылы жерге орналастыру және жер қатынастары бойынша Мемлекеттік комитеттің құрылуына байланысты жерге орналастыру және жер қатынастары бойынша Маңғыстау облыстық комитеті ұйымдастырылды. Кейін комитет Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Агенттігі Жер ресурстарын басқару басқармасы болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдарды қайта құруға байланысты, 2004 жылы жерге орналастыру және жер қатынастары саласында орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметтері бөлінді. Соған сәйкес, 2004 жылы 10 желтоқсандағы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен 12 мемлекеттік қызметкер штатымен Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы құрылды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 404 қаулысы негізінде жер қатынастары басқармасының құзыретіне кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану мәселесі жөнінде міндет енгізілді.

Қазақстан Республикасының Президентінің 27.09.2010 жылғы «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк шығындары және мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекемелердің штаттық санын оңтайландыру туралы» № 1072 Жарлығына сәйкес басқарма штаты 9 қызметкерге дейін қысқартылды.

Облыс әкімінің өкімімен басқарманың алғашқы бастығы болып Қыдырбақыт Сейілханұлы тағайындалды. 2010 жылдан 2012 жылдың наурызына дейін Оразбаев Құлыбек Салиұлы басқарма басшысы болды. 2012 жылдың 4 сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін басқарма басшысы – Дүзмағамбетов Есемұрат Давлетиярұлы.