12.06.2018

Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы


Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-О-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: жоғары білім, мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

Д-О-3

305771

398831

«Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-сі

130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 100 ғимарат, 2 қабат, 214 бөлме, анықтама алу үшін телефон: 8 (7292) 31-90-43, электрондық адрес: g.baimaganbetova@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Жерге орналастыру, жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану және кең таралған пайдалы қазбаларға мониторинг жасау» бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты, 1 бірлік,№ 4-1)

Функционалдық міндеттері: Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын қарау және келісім беру, жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізу және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындауға, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесеөндіруменбайланыстыемесжерастықұрылыстарынсалуғажәне (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу, тіркеу және сақтауға, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу, пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етуге, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдауға, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындауға және ұйымдастыруға, жер қойнауын пайдаланушылар туралы кең көлемде сараптамалық материалдар дайындау және ұсыныс, тапсырмаларды орындау шараларын алу, жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жобаларын қарау, келісу және жұмыс тобының құрамында объектілерді қарау, қабылдау, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеуге, Облыста кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналғанжер қойнауын пайдалану мәселері жөніндегі сарапшылық комиссия отырысын ұйымдастыру, комиссия отырысында оң ұсыныс алынғаннан кейін, бес жұмыс күн ішінде жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған шешім беру, Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беруді дайындауға және ұйымдастыруға, толық құжаттар топтамасы тапсырылғаннан кейін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі келісуге, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісуге, Жер учаскелерін табыстау жөніндегі: Облыста кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойынауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия; Облыста кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналғанжер қойнауын пайдалану мәселері жөніндегі сарапшылық комиссия; Облыста кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойынауын пайдалану құқығын беру мәселесі бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөнінде жұмыс тобы; Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының алдын ала құжаттарын дайындау жәнеотырыстарын ұйымдастыру, Кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға, құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы қаулы жобасын дайындауға, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекіту туралы қаулы жобасын дайындайды. Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқнемесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру, өтініште көрсетілген географиялық координаталарды жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқнемесе оның аз мөлшерде екендігі туралы анықтама алу үшін «БатысҚазЖерқойнау» өңірлік департаментіне жолдау, бөлімнің іс-қағаздарының және мұрағатының заң талаптарына сәйкес жүргізілуін ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – қызмет көрсету (жерге орналастыру, кадастр), техникалық ғылымдар және технологиялар (геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, тау-кен ісі, геодезия және картография), ауылшаруашылық ғылымдары (жерді мелиорациялау, баптау және қорғау), құқық (құқықтану), жаратылыстану ғылымдары (экология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3. Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған

көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4.Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған

немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6.Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7.құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8.конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда№ 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (7 жұмыс күні) жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағаттан кешіктірілмейбереді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтаманың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының және психоневрологиялық және наркологиялық ұйымнан анықтамаларының көшірмелерінұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

______________________________________

______________________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________

________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 17 ж

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/

приема

босатылған/

увольнения

__________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

______________
күні/дата

Файлды жүктеу